$ 477.11
 545.58
 6.2

Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауы

Редактор
14.07.2026, 10:20
Bairaqmedia.kz
Bairaqmedia.kz
Bairaqmedia.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

«Bairaq Media Group» ЖШС  (Bairaqmedia.kz ақпараттық порталының меншік иесі) 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды берудің ақысы, шарттары мен тәртібін назарларыңызға ұсынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтай отырып, біз өз алаңымызда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын ашық, тең құқылы әрі түсінікті шарттармен орналастыруды ұсынамыз.

1. Үгіт-насихат науқанының мерзімі

Басталуы: 2026 жылғы 23 шілде, сағат 18:00-ден кейін.

Аяқталуы: 2026 жылғы 22 тамыз, сағат 00:00-де.

Ескерту: ҚР СК нормаларына сәйкес,«Bairaq Media Group» ЖШС ҚҚС төлеушісі болмағандықтан ұсынылған бағаларда ҚҚС есепке алынбаған.

2. Қызметтер құны (Прайс-парақ) Сілтемені басып, прайс-парақты жүктеп алыңыз

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар:

3. Келісімшарт жасасу және құжаттарды тапсыру

Өтініштер 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қабылданады.

Орналастыру кезектілігі өтініштердің түсу ретімен анықталады.

Қандай құжаттар қажет?

  • Партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
  • Саяси партияның сенім білдірген адамының өкілеттігін растайтын құжат (уәкілетті орган берген куәлік);
  • Сенім білдірген адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Келісімшартқа қол қоюға құқық беретін өкілеттік құжаттары.

4. Ең маңызды талаптар

Мерзімі: Дайын материалдар жарияланардан кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын жіберілуі тиіс.

Міндетті ақпарат: Заңға сәйкес, әрбір жарнамалық материалда оны қаржыландыру көзі және ақпаратты ұсынған жауапты тұлғаның (сенім білдірген адамның) аты-жөні міндетті түрде көрсетілуі керек.

Мазмұнға жауапкершілік: Жіберілген мәтін мен видеоның ҚР заңнамасына сәйкестігіне тапсырыс беруші тікелей жауапты.

Жариялаудан бас тарту: bairaqmedia.kz редакциясы ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыратын, конституциялық құрылысқа қауіп төндіретін, сондай-ақ өзге кандидаттардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаудан бас тартуға толық құқылы.

5. Қысқаша техникалық талаптар

Мақалалар (PR): Тақырып 90 таңбадан, кіріспе (лид) 200 таңбадан аспауы тиіс. Мақалаға сапасы жоғары 10 суретке дейін (1920×1080 px) қосуға болады. Қону бетіне (landing page) сілтеме беру міндетті.

Баннерлер: HTML5, GIF, JPEG, PNG форматтарында қабылданады (көлемі 150 Кб дейін). Анимация ұзақтығы 30 секундтан аспауы шарт. Оқырманның көзін қарықтыратын жыпылықтау эффектілеріне тыйым салынады.

Видео (Reels, TikTok): MP4 немесе MOV форматында, 1080×1920 ажыратымдылығында (9:16) болуы керек. Ұзақтығы 1 минутқа дейін.

6. Төлем жасау тәртібі

Қызмет ақысы Bairaqmedia.kz редакциясы ұсынған төлем шоты негізінде, шот жазылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аударылуы тиіс.

Біздің мекенжайымыз және байланыс

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тікелей кеңседе қабылданады (факс немесе интернет-байланыс арқылы өтініштер заңдық талаптарға байланысты қабылданбайды).

Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел 8, 17 «В» блок, 215 кабинет.

Редакция телефоны: 8 701 537 96 69

Электронды пошта: bairaqmedia@gmail.com