$ 455.4
 526.99
 5.25

Ақордада ауыс-түйіс: Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрлерді тағайындады

Редактор
03.09.2026, 11:04
Ақорда
Ақорда
Бұл туралы Ақорда жазды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметінің басшылық құрамында бірқатар кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Президент Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының шешімімен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды.

Бұдан бөлек, Президент Жарлығына сәйкес Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып бекітілді.