$ 462.3
 538.07
 5.41

Аймағамбетовке жаңа қызмет: Құрылтай комитеттерінің төрағалары анықталды

Редактор
28.08.2026, 15:34
Ақорда
Ақорда
Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында сегіз комитет жұмыс істейді

Құрылтай депутаттары алдағы заң жобаларымен жұмыс істейтін барлық комитетті жасақтады. Қандай комитеттер құрылғаны және оларды кімдер басқаратыны белгілі болды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес, Құрылтайда сегізден артық тұрақты комитет болмауы тиіс.

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында сегіз комитет жұмыс істейді:

  • Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – ауыл шаруашылығы, жер және су ресурстары, экология мәселелерімен айналысады. Төрағасы – Серік Егізбаев.

  • Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және қоғам мәселелерін қарайды. Төрағасы – Асхат Аймағамбетов.

  • Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – мемлекеттік басқару, заңнама, құқық қорғау жүйесі және адам құқықтары мәселелеріне жауапты. Төрағасы – Үнзила Шапақ.

  • Қаржы және бюджет комитеті – экономика, бюджет және салық, қаржы нарығы мен мемлекеттік мүлік мәселелерін қарайды. Төрағасы – Ольга Перепечина.

  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – сыртқы саясат, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және азаматтық қорғау бағыттарына жауапты. Төрағасы – Марат Қожаев.

  • Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – аумақтарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, инфрақұрылым және кәсіпкерлік мәселелерімен айналысады. Төрағасы – Әмірбек Оспанбеков.

  • Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті – инвестиция, өнеркәсіп, энергетика және сауда салаларын қамтиды. Төрағасы – Наталья Годунова.

  • Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – цифрландыру мен жасанды интеллект, байланыс және киберқауіпсіздік, ғылым, жоғары білім және инновация мәселелеріне жауапты. Төрағасы – Дархан Ахмедиев.

Осылайша, Құрылтайдың барлық сегіз тұрақты комитетінің құрамы жасақталып, олардың төрағалары анықталды. Алдағы уақытта комитеттер тиісті бағыттар бойынша заң жобаларын қарауға кіріседі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау