Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасқа толған мерей тойын дүркіретіп атап өткен еді. Көпшілік тойдан Жұлдызды іздеп, өнер иесіне сауал жолдады. Гүлзира Үсенқызы оқырмандардың сұрағына жауап қайтарды.
“Артық кетіп қалдыңыз. Инста әлеміне шықпаса аяқ-қолын кісендеп отырғызып 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Сізден 100 есе дұрыс өмір сүрген шығар қайдан білесіз. Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды. Үйдің тірлігіне байладым деп те айта алмаймын, бәрін көмекшіге жасаттым, еш уайымсыз болыңыз. Сіз министрлер мен президенттің де әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға әйелдеріңді шығармайсыңдар деп қырылмайсыз. Біреудің отбасына қадалып не болды сізге, менің келіндерімнің бейшара түрін көріп па едіңіз, елестетіп көріңіз”, – деп жауап қатты продюсер.