Қоғам

9 сағат тікелей эфир: Сәкен Майғазиев тойдың онлайн көрсетілімінен қанша табыс тапты?

14:59, 12 маусым 2025 85

Кеше Майғазиевтер әулиетінде дүбірлі той өтті. Оның тікелей көрсетілімі кешкі 17:00-де басталып, түнгі 2:00-ге дейін созылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Әділет пен Әдияның үйлену тойына Сәкен Майғазиевтің өнердегі әріптестері түгел жиналды. Яғни, шақырылған қонақтардың жартысы танымал тұлғалар болды. 

Жүргізушілердің сөзінше, тойдың өзінде мыңға жуық қонақ болған. Ал, кешті онлайн тамашалағандар саны әлдеқайда көп болды. Төлем жасағандар үшін қолжетімді болған жабық каналға 9 мыңға тарта адам тіркелген. Яғни, олардан жиналған қаражат 12 миллион теңгеден асады. Бұған қоса, тойханада болған қонақтардың шашуы бар. Мәселен, әнші Мақпал Жүнісова Майғазиевтердің қуанышына 1000 доллар ала келіпті.

Әнші тойға қызы Мерейді ертіп барған. Мейрамханаға баласын ертіп келгендер қатарында Мәдина Сәдуақасова да бар. Ол Сәкен Майғазиевпен құда болғысы келетінін айтып қалды.

Тікелей эфир барысында қонақтармен, қалыңдық және күйеу жігітпен сұхбаттардан бөлек, Сәкен Майғазиевтің қатысуымен алдын ала түсірілген бейнеролик те көрсетілді. Маңғыстаудан келген су жаңа құдалар да тікелей эфирде сұхбат берді.  Әділет Майғазиев жары Әдиямен қалай танысқанын да айтып берді. Сөйтсе, екі жас Ақтауда танысқан екен. Яғни, қалыңдық Әділеттің досының жақын қарындасы болып шықты.

Тойдың тікелей эфирі 9 сағатқа созылды. Тойды ұйымдастыру барысында 100-ден аса адам қызмет еткен. 15 жүргізуші той тізгінін ұстаған. 100-ге жуық музыкалық номер қойылған. 

Тойға қатысқан қонақтар сурет пен видеоларын желіге жарыса жүктеп жатыр. 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз