Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанар Айжанова жаңа фильмнен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі туындыдағы оқиға өзінің өміріне өте жақын екенін айтып, ерекше толқығанын жеткізді.
«Менің өміріме ұқсас жерлері көп. Бізде осындай жастық шақ болды. Барлығы шынайы, дүние мен ақша қуалаған жоқпыз. Өмірімнің ұмытылып бара жатқан тәтті сәттері есіме түсті. Көп нәрсе қамтылған. Махаббаттың қадірін түсінбей жүргендер ойланатын болады. Кинода фальш жоқ. Мен сендім, көзімнен жас та шығып кетті», – деді актриса.
Сондай-ақ әнші махаббатты ұмыту оңай емес екенін айтып, жеке өміріне де тоқталды.
«Махаббатты ұмыту деген қиын іс. 35 жылдай болып қалды. Мен әлі күнге дейін Айжұлдыздың әкесін ұмытқан жоқпын. Жесір әйелдің де өмірі қамтылған, режиссерге басымды иемін», – деп ағынан жарылды Жанар Айжанова.