Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Аичи–Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан қазақстандық дзюдошы ширек финалда Моңғолия өкілі Ариунболд Энхтайванды иппонмен жеңді.
Енді Сметов Азия ойындарының финалына шығу үшін күреседі. Бұл жарыстың Елдос үшін маңызы ерекше. Ол 2014 жылы Инчхонда Азия ойындарының чемпионы атанған. Осылайша, араға 12 жыл салып Азиаданың алтын жүлдесі үшін қайта таласып отыр.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының чемпионы қазір әлемдік рейтингте 117-орында тұр. Аичи–Нагоядағы 60 келі салмақта барлығы 20 дзюдошы бақ сынап жатыр.