Қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Анель Забикулина марқұм күйеуін еске алып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол қыздарымен бірге батырдың рухына тағзым етуге барғанын айтып, оның отбасы үшін мәңгі жүректерінде сақталатынын жеткізді.
«Сен бұл өмірден кетсең де, біз үшін мәңгі тірісің. Өйткені нағыз батырлар өлмейді. Олар халқының жүрегінде, отбасының дұғасында мәңгі қалады», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Анель Забикулина қыздарының әкелерімен әрдайым мақтанатынын айтып, «Мерекеңмен, біздің қаһарманымыз» деп жазбасын жүрек белгісімен аяқтаған.
Еске салайық, елордалық өртсөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған болатын. Кейін адамдарды құтқарған өртсөндірушілердің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалғаны анықталды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған Асқар Забикулин көп ұзамай ауруханада жан тапсырған болатын.