$ 461.26
 542.58
 6.18

Зиратқа бара жатқан: Талғарда 24 жастағы жігітті пышақтап кетті

Редактор
12.05.2026, 17:28
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Алдын ала мәлімет бойынша, зиратқа бара жатқан жолда олардың көлігіне үш жас жігіт отырған автомобиль кедергі жасаған. 

Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылында ер адам пышақ жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 11 мамырда Нұра ауылының 24 жастағы тұрғыны ауруханада көз жұмған. Оған белгісіз адамдар пышақ сұққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, зиратқа бара жатқан жолда олардың көлігіне үш жас жігіт отырған автомобиль кедергі жасаған. Жолды босатуды сұраған кезде жанжал туындап, қарсы тараптың бірі 24 жастағы жігітке бірден пышақпен тап берген. Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін арашалап қалу мүмкін болмады.

Оқиға туралы хабарлама түскен бойда полицияның барлық сыртқы жасағына бағыт-бағдар беріліп, блокпостар қойылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның үш ауылдасы ұсталды, - деп хабарлады департаменттен.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп нақтылады өңір полициясы.