$ 450.91
 522.69
 5.33

«Әзір айтуға келмейді»: Ақбаянға ата-анасының қазасы әлі айтылмаған

Редактор
14.09.2026, 15:00
фото: ҚР ІІМ
фото: ҚР ІІМ
Ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаянның қазіргі жағдайы белгілі болды

Атырауда бір отбасындағы төрт адамның өліміне қатысты резонансты істен кейін психикалық орталықта емделген Ақбаян Мұқанғалиева үйіне шықты. Алайда оның денсаулығында әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы KursivMedia жазды.

Ақбаянның туысы Фаризат Кенжеғалиеваның айтуынша, қазір ол Атырауда жақындарының қарауында ем қабылдап жатыр.

«Өз тамағын ішеді, болды. Әлсіздік бар, емделіп жатыр. Қазір Атырауда апамыздың қолында, сол кісілер қарап жатыр», – деді ол.

Ақбаян бес баласымен де кездескен. Алайда туыстары оған ата-анасы мен жақындарының қаза болғанын әлі айтпаған.

«Ақбаян әке-шешесінің қайтқанын да білмейді. Әзір айтуға келмейтін сияқты», – дейді туысы.

Еске салайық, Ақбаянның ата-анасы мен екі жақынының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде танылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау