Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа функциялар мен өкілеттік берілді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент сайтындағы құжатқа сәйкес, мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірқатар функциялары мен өкілеттігін беруді қаулы етті.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін", - делінген қаулыда.
Сонымен қатар қаулы бойынша үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету тапсырылды.
Қаулыға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.