$ 461.26
 542.58
 6.18

ҰҚК аймақтардан бірнеше автомат, мылтық пен гранатомет тәркіледі

Редактор
12.05.2026, 10:17
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуірде тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілер туралы деректі жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста жүргізілді.

"Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 "Калашников" автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, "РШГ-2" реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді.