Түркістанда шет елдерде теологиялық білім алудың қаупі түсіндірілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Түркістан қаласында дін саласы бойынша жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның аясында қалалық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Айдос Әуезхановтың қатысуымен «Рахман-Рахим» мешітінде дәріс алушы жастарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары мен олардың зияны туралы ақпарат берілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – жастарға шет елдерде теологиялық білім алудың қауіп-қатері жөнінде түсінік қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.