$ 467.58
 543.66
 6.44

Түркістанда саммит қарсаңында асыл тұқымды иттер көрмесі өтті

Редактор
18.05.2026, 17:57
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұл ит тұқымдарының әрқайсысы көшпелі салтымен тығыз байланысты. 

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында «Жеті қазынаның бірі – ит» тақырыбында асыл тұқымды иттердің көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Іс-шарада түркі мемлекеттеріне тән және Қазақстан аумағында таралған ит тұқымдары таныстырылды. Көрмені ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы тамашалады. 

Көрмеде әзірбайжандық гурдбасар, анадолылық ақбаш, қырғыз тазысы тайған секілді көпшілік біле бермейтін ит түрлерімен қатар, Түркімен алабайы, Өзбекстанның бөрібасары, Орта Азия төбеті мен қазақтың тазысы көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл ит тұқымдарының әрқайсысы көшпелі салтымен тығыз байланысты. Бірі – мал мен қонысты қорғауға, бірі – аңшылыққа, бірі – тау мен дала жағдайына бейімделген.