Түркістанда жастар мен жасөспірімдер арасында этносаралық татулықты нығайту мақсатында кездесу өтті, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Мамандар Құмтүйін ЖББМ, Тұран ЖББМ, М.Мәметова ЖББМ және Қарашық ЖББМ мектептеріндегі ұл-қыздарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс- шараға ішкі саясат бөлімінің бас маманы Рауан Әсілбек, "Қоғамдық келісім" КММ Сауран аудандық филиалының маманы Елдар Тұрсынбай және өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Адхамов Мырзахан қатысты.
Іс-шара барысында этносаралық татулық пен толеранттылықтың маңызы айтылды. Сондай-ақ, қарым-қатынастағы өзара сыйластық пен түсіністік туралы ашық әңгіме өтті. Оқушыларға достық, бірлік және келісім құндылықтары түсіндірілді.
Мұндай кездесулер — мектеп оқушылары арасында бейбіт өмір мен сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді жолы дейді кездесуді ұйымдастырған мамандар.