«1001 түн» бағдарламасына ақын Қымбат Әбілдәқызы мен әнші Қарақат Әбілдина қонақ болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бағдарлама барысында Қарақат Әбілдина өзінің өнердегі алғашқы қадамдары мен өмірлік ұстанымдарына апайының ықпалы зор болғанын айтты.
«Қымбат апайым қатал болды. Бұрын бұл қаталдығын ұнатпайтынмын, оны жек көретінмін, бірақ қазір бәріне алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесінің арқасында құндылығым мен ұстанымым қалыптасты. Өнердегі алғашқы қадамымда да продюсер болып, сұхбат беруге, ән айтуға, сахнада өнер көрсетуге жол ашты. Әрдайым демеп, қолдап отырғанын ешқашан ұмытпаймын», – деді ол.
Әнші Қарақат Әбілдина апайының өнердегі де, өмірдегі де өнегесін ерекше атап өтті.