Аймақ

Түркістанда жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында кезекті кездесу өтті

14:19, 29 шілде 2025 23

Түркістанда жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Айдос Әуезхановтың қатысуымен «Жұма» мешітінде дәріс алып жүрген жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Кездесуде діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардың таралу қаупі және одан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шет мемлекеттерде теологиялық білім алудың ықтимал қауіптері туралы жастардың діни сауатын арттыру және алдын алу шараларын түсіндіру болды.

Кездесу барысында қатысушылар тақырып аясында өз ойларын білдіріп, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар алды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз