Түркістанда экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары түсіндірілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Маңызды кездесу мешітте өтті. Яғни, Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Айдос Әуезханов пен теолог маман Бахауаддин Нуритдинов «Жұмат ата» мешітінің жамағатымен кездесті. Жиын барысында діни экстремизм мен терроризм идеяларын тарататын парақшалардан сақтану жолдары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында теріс діни ағымдарға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру және азаматтарды жат идеологиялардан сақтандыру болды.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты жауаптар беріліп, тақырып бойынша пікір алмасу өтті.