Аймақ

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

10:30, 13 қазан 2025 36

Түркістан облысында 38 жастағы келіншек екі қыз және бір ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Сауран ауданы Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекенінде Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді.

38 жастағы Махру Каримова бес ұлынан кейін 2 қыз бен 1 ұлды дүниеге алып келді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы демалыс күні үйге шығарылды. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі – 2100 гр, үшіншісі 2000 гр салмаққа жеткен, деп хабарлады Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Үшемдерге Сафия, Амир және Хадия деген есім қойылды. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз