Аймақ

Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты

14:19, 13 қазан 2025 24

Алматыда жас жігітті бір топ адам ұрып-соққан. Оқиға 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі дәмхананың алдында болған.

Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жазды.

Оның айтуынша, ұлын шамамен 15-20 ер адам ұрып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Күдіктілер есінен танып қалған баласының басынан да тепкен.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана зиян келтіру») бойынша іс қозғаған.

– Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Әрқайсының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз