Аймақ

Түркістан облысында атыс болып, бір адам ажал құшты

15:33, 04 қараша 2025 58

Түркістан облысының Түлкібас ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты, үшеуі жараланды. Полиция күдіктілердің бірін ұстады, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2 қарашаға қараған түні Түлкібас ауданында болған.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу жетті. Жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің тұлғалары анықталды. Олардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция мәлімдемесінде.

Күдіктілерге қатысты “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, екінші күдіктіні іздестіруде.

Оқиғаның тергелу барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз