Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, бұған дейін осы лауазымды атқарған Ақан Рахметуллин лауазымынан кеткен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, жуырда президент Ермек Көшербаевты Сыртқы істер министрі етіп тағайындаған еді.