Аймақ

«Тойға барған»: Жетісуда жол апатынан қаза тапқан 10 адам бір отбасының мүшелері болған

11:34, 16 қыркүйек 2025 27

Жетісу облысындағы жол апатында қаза тапқан 10 адам бір-біріне туыс болған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Nissan Cefiro көлігін 18 жастағы бозбала басқарған. Оның жүргізуші куәлігі де болмады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, жол апатына кінәлі адам көлікті рұқсатсыз мініп кеткен. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Бұдан бөлек, Lada ВАЗ автокөлігінде болған төрт адамның біреуі, ал Chevrolet Cobalt автокөлігінде сегіз адам, соның ішінде бір оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апатында қаза тапқандар бір-біріне туыс болған. Бір отбасының мүшелері тойдан қайтып келе жатқанда жол апатына түскен. Lada-да отырған бір адам ғана тірі қалды. Оны дәрігерлік тексерістен кейін үйіне жіберді.

Айта кетері, жантүршігерлік жол апаты кезінде Nissan Cefiro қарсы жолдың қарсы бетіне шығып, Lada мен Chevrolet Cobalt-ты соққан.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз