Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстанның төрт азаматын елге қайтарды.
"Осы жылдың 7 және 12 мамырында шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ұлттық қауіпсізждік комитетінің бағдары бойынша ұсталды.
Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, дейді комитетте.