Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызының үлкен қызы, блогер Айсәуле Бақытбекке сұхбат беріп, өткен өмірінен сыр шерткен еді. Ол сұхбат барысында жақында қол астындағы қызметкерлеріне берілген 100 пәтер, Алиса және Алма атты қыздары және алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады bairaqmedia.kz.
Меценаттың сұхбатынан кейін оның экс жары Ляйсира Марат бұрынғы күйеуінің опасыздығына қатысты мәлімдеме жасады.
«2015 жылы үйленгеніміздің 25 жылдығын атап өттік. Сол кеште сен махаббат пен адалдыққа ант бергенсің. Бірақ тура бір жылдан кейін Тбилисиге басқа адаммен кеттің. Бұл бәріміз үшін шок жаңалық еді. Әсіресе балалар қатты қиналды. Енді сені балалармен ештеңе байланыстырмайды. Айтқан сөздерің үшін менің балаларым мен отбасым алдында кешірім сұрауыңды талап етемін», – деді Ляйсира.