Саясат

Светлана Жақыпова министр қызметінен босатылды

15:06, 27 қаңтар 2026 130

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Ал 2024 жылы 6 ақпанда Президент жарлығымен осы лауазымқа қайта тағайындалды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз