$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Стипендия 2,5 есе өсті: Тоқаев болашақ мұғалімдерге жасалған қолдау туралы айтты

Редактор
05.10.2026, 16:27
Ақорда
Ақорда
Президенттің айтуынша, биыл 12 мыңнан астам мектеп түлегі педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік грант иегері атанған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында педагог мамандарды даярлау және жас мұғалімдерді қолдау мәселесіне тоқталды. Мемлекет басшысы педагогикалық мамандықты таңдаған студенттердің стипендиясы 2,5 есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Президенттің айтуынша, биыл 12 мыңнан астам мектеп түлегі педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік грант иегері атанған. Олардың 2 мыңнан астамы – «Алтын белгі» иегерлері.

«Педагог мамандығын таңдаған студенттердің стипендиясы 2,5 есе өсті. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірлерде 15 мыңнан астам мұғалім жұмысқа орналасты. Олардың жартысы – жас мамандар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұны мектептерге білімді әрі жаңа көзқарастағы жас педагогтердің келе бастағанының белгісі деп бағалады. Сонымен бірге тәжірибелі ұстаздарды еңбек жолын енді бастаған әріптестеріне жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау