Аймақ

Шымкентте тағы бір әйел ер адамның қолынан ажыл құшты

11:14, 29 қаңтар 2026 12

Кеше Шымкент тұрғыны кісі қолынан қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бас араздық себебінен жәбірленушіге пышақпен шабуыл жасаған, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған. Оқиғаны полицияға куәгерлер хабарлап айтты", - дейді Шымкент полиция департаменті өкілдері.

Ведомство мәліметінше, полиция күдіктіні оқиға болған жерден ұстады.

"Қарулы күдікті ұстау барысында қарсылық көрсетті, сондықтан заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері оған қарсы қызметтік қару қолданды.

Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қамауға алынды", - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар қажетті тергеу іс-шарасы жүргізілуде.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз