Жахан Отарғалиевтің екінші әйелі актер туралы шынайы жеке өміріне қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Әйелінің айтуынша, актер оның екі баласын өз баласындай қабылдап, әкелік жауапкершілікті толық сезіне білген.
«Ол мені ғана емес, бізді таңдады. Балаларымның тілін тауып, оларды мектептен алып кетіп, қамқорлығын ісімен көрсетті. Көпшілік оның мінезі туралы әртүрлі пікір айтқанымен, мен оған сендім», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол актердің жауапкершілігі жоғары, қамқор жан екенін атап өтіп, қазіргі таңда аналық жүрегінің орныққанын жеткізді.