Аймақ

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап, өлтіріп кетті

09:34, 12 қаңтар 2026 56

Кеше, 11 қаңтарда Шымкентте көпқабатты үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Куәгерлердің сөзінше, қыздың денесінде пышақ жарақаты бар. Осыған қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті түсінік берді.

– Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз