Аймақ

Алматы маңында жер сілкінісі болды

14:02, 12 қаңтар 2026 26

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісі 12 қаңтарда Астана уақытымен 11:44-те болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырымда, Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші 2,9 баллды құрады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің күші 4,0 баллды құраған. Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз