$ 450.91
 522.69
 5.33

Семейде сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған (ВИДЕО)

Редактор
14.09.2026, 09:09
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Оқиға туралы хабарлама 112 қызметіне түскен

Семейдегі сауда орталықтарының бірінде әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалып, құтқарушылардың көмегі қажет болды. Оқиға орнындағы құтқару жұмыстары видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оқиға туралы хабарлама 112 қызметіне түскен. Куәгерлер сауда орталығындағы эскалаторда әйелдің аяғы қысылып қалғанын хабарлаған.

Шақырту орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жетті. Олар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен екі эскалатордың арасындағы технологиялық саңылауды кеңейтіп, әйелдің қысылып қалған аяғын босатқан.

Құтқару операциясынан кейін зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер оны тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Оқиғаның нақты неден болғаны әзірге айтылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау