Аймақ

Семейде ер адамды пойыз басып, аяғынан айырылды

16:08, 21 қазан 2025 19

"Шар - Семей" темір жолында 23 жастағы жігітті пойыз басып кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Оқиға 18 қазанда сағат 17:53-те болған.
 
"Ертістің сол жағы – Семей күзетілетін реттелетін өткелінде "Тальго" жолаушылар пойызы жылдамдықты сағатына 35 километрге дейін тежеуге мәжбүр болды. Өйткені темір жолға кенеттен адам шыққан", - дейді ведомстводағылар.
Жігіт локомотивтің дыбыстық дабылын елемеген.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол құлаққап тағып, капюшон киіп алған. Сол себепті пойыздың даусын естімеген. Жәбірленуші жарақат алып, оң аяғынан айырылды", - дейді компания.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз