Актриса Әлия Әнуарбек қалыңдық атанғанын мәлімдеді. Бұл туралы актриса Youtube-тегі Mom'sкий әңгіме жобасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Актриса биыл "Бақыт құшағында" мюзиклінің түсірілімінде басты рөлді сомдаған еді. Фильм сюжеті бойынша актрисаға сырға салу рәсімі өткен. Актрисаның айтуынша, сюжеттегі оқиға өз өмірінде де қайталанды. Сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасаған.
"Бақыт құшағында" фильмінің түсірілімінде мен расында да бақыт құшағында болдым. Жолымды ашып, бағымды жандырды десем болады. Қазір қалыңдық атандым. Ұсыныс жасалды", - деді актриса.