Аймақ

«Жеті айында білген»: Түркістан облысында жасөспірім қыз 71 жастағы атасынан жүкті болған

10:02, 21 қазан 2025 30

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы қария қамауға алынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz informburo бағдарламасына сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған.

Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған. 

Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Сұмдық жайтты естіген ауыл тұрғындары бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз