Шоу-бизнес жаңалықтары

«Сәтсіздік те, зұлымдық та — әйелден»: Танымал продюсер отбасы туралы сөз қозғады

13:00, 09 шілде 2025 34

Танымал продюсер Жан Мұқанов әйелдер мен ерлердің отбасындағы рөліне қатысты пікір білдірді, деп жазады bairaqmedia.kz.

Медиа менеджерінің сөзінше, баланың тәрбиесіне, оның қандай азамат болып өсуіне тікелей анасы жауапты көрінеді.

“Әлемнің бүкіл зұлымдығы да, жақсылығы да – әйелден. Жетістікке жету, сәтсіздікке ұшырау да – әйелден. Ер адам жаман ба, онда, оны анасы солай тәрбиелеген. Елдің президенті нашар ма, оның анасы да сондай болған деген сөз. Адам бойына құндылықты сіңіретін – шешесі», – деді продюсер “Цукербектің көршілері” подкастында.

Продюсердің сөзінше, отбасында ер адамның атқаратын екі-ақ қызметі бар екен.

«Ол – қорғау мен асырау. Болды. Біздің бала тәрбиесіндегі рөліміздің үлесі 10 пайызға жетер-жетпейтіндей ғана. Қалғанының бәрін балаға анасы береді. Шеше бақытсыз болса, одан қандай оңған ұрпақ шығады? Егер ана шаңырағында бақытты, сүйікті болса, өз-өзін дамытқан, оқыған, қызмет істеген болса, сол кезде ол нағыз азаматты тәрбиелеп шығарады», – деді медиа менеджер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз