Қостанай облысында кейінгі үш жылда алғаш рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, ананың да, сәбилердің де жағдайы қанағаттанарлық.
Үшемнің анасы Сымбат Шарапиева жүктілік кезінде бірнеше рет емделіп, босанған Қостанай облыстық ауруханасының ұжымына алғысын айтты.
Үш ұл өсіп келе жатқан Шарапиевтер отбасында енді үш қыз бала бар.