Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері әшкереленді.
Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты, — делінген хабарламада.
Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді.
— Тергеу шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды, — делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәлеметтер Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.