Аймақ

Қазақстандықтар арасында этносаралық некелерге жиі тұру үрдісі байқалуда

13:29, 06 қыркүйек 2025 19

2024 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген некелердің жалпы санының 18,2%-ын аралас некелер құраған. Яғни, 123,6 мыңның ішінен 22,4 мыңы аралас неке. Бұл қатарда Түркістан қаласының үлесі де басым, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл оң динамика ҚР СЖРА ҰСБ шығарған «Қазақстанның демографиялық жылнамасында» қатарынан төртінші жыл байқалып отыр деп көрсетілген. 

Соңғы рет пайыздық қатынас дәл осындай жоғары деңгейде 2007 жылы тіркелген болатын. Ал, қолжетімді 21 жылдық деректер ішінде ең жоғары көрсеткіш екі жыл бұрын байқалған - 18,8%.

Айта кету керек, 2004 жылдан 2020 жылға дейін аралас некелер үлесінің төмендеу үрдісі байқалған еді. Жалпы айтқанда, осы кезеңде көрсеткіш 4,5 пайызға азайып, 14,2%-ға жеткен.

Сондықтан соңғы төрт жылда көрсеткіштің жай ғана тұрақты өсімі емес, бұрынғы үрдісінің кері оралуы байқалады. Жалпы алғанда, “сәтсіз” 2020 жылмен салыстырғанда оң динамика айқын көрінеді.

Өзге ұлт өкілдерінен ең сирек қыз алатындар - күйеужігіттердің ең көп этникалық тобы болып табылатын қазақ жігіттері. 2024 жылы мұндай некелердің үлесі 6,9%-ды құрады (85,8 мыңның ішінен 5,9 мыңы). Ал, келесі екі ірі этникалық топқа, орыстар мен өзбектер, келер болсақ, пайыздық қатынас теңесіп қалған - тиісінше 30,7% (18,6 мыңның ішінен 5,7 мыңы) және 15,7% (4,9 мыңның ішінен 0,8 мыңы).

Әйелдер арасындағы жағдай да ұқсас. Саны жағынан басым болып келетін қазақ қыздары да 2024 жылы аралас некеге бәрінен азырақ түскен - жалпы қалыңдықтардың 5,7%-ы жайлы ғана сөз болып отыр (84,7 мыңның ішінен 4,8 мыңы). Ал орыс қыздары қалыңдықтарының 35,6%-ы (20 мыңның ішінен 7,1 мыңы), өзбек қыздары қалыңдықтарының 17,2%-ы (5 мыңның ішінен 0,9 мыңы) өмірлік жары ретінде өзге ұлт өкілін таңдаған.

Айта кеткен жөн, бұл сандардың өзі бір этностың өкілдері үшін өз ұлтынан шынайы қарым-қатынас құратын адамды кездестіру ықтималдығы қаншалықты жоғары екенін де көрсетеді. Басқаша айтқанда, этнос қаншалықты кең таралған болса, оның өкілдері үшін аралас емес некеге түсу соғұрлым оңай.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз