Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі қаза тапқан азаматтың жақындарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзырлы органдарымен тұрақты байланыста. Елшілік консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде марқұмның денесін Отанына жеткізу ісінде қажетті көмек көрсетіп жатыр. Аталған мәселе министрліктің бақылауында», – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.