$ 467.63
 547.69
 6.36

«Оттамаңдар!»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваның сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

Редактор
14.05.2026, 16:31
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Роза апамыз сұхбат бергенде әншілердің атын атап айтқаны дұрыс болар еді, – деді әнші.

Танымал әнші Мақпал Жүнісова халық әртісі Роза Рымбаева айтқан сөзден кейін өзіне қатысты тараған әңгімеге жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Роза Рымбаева сұхбаттарының бірінде «кейбір әншілердің концертіне адамдарды әкімдік қинап кіргізеді» деген. Осыдан кейін желі қолданушылары бұл сөзді Мақпал Жүнісоваға қатысты айта бастаған.

“Жаңа маған бір хабар түсті. Роза Рымбаева апамыз “кейбір әншілердің концертіне әкімдік қинап кіргізеді екен” деп сұхбат берген екен. Соған елдер “Мақпалдың концертіне адамдарды қинап кіргізеді” деп жазып жатыр екен. Сол кісілерге “оттамаңдар” деп айтқым келеді.

Мен өмірімде әкімдікке барып, “маған концерт жасап беріңдер” деп айтып көрмеппін. Менің концертіме халық өзі келеді. Сондықтан өтірікті кішкене растау қылып айтыңдар. Менімен бірге гастрольге шығып тексеріңіздер. Бір әкімдікке кіріп көрмеген адаммын.

Рәкең өзінің концертіне солай жасайтын шығар мүмкін. Менің концертімде ондай болмаған және болмайды да! Роза апамыз сұхбат бергенде әншілердің атын атап айтқаны дұрыс болар еді”, – деді әнші.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау