Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Бұл ақпаратты Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі растады.
Әзірге Атырау қаласының жаңа әкімі кім болатыны ресми түрде хабарланған жоқ.
Шәкір Кейкін Атырау қаласын 2023 жылдың 10 шілдесінен бері басқарды. Ол қала әкімі қызметінде үш жылдан астам уақыт еңбек етті.
Әкімнің қызметтен кетуі қала басшылығындағы бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық тергеулер жүріп жатқан тұста болып отыр.
Бұған дейін Атырау әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын растаған.
Кейін қала әкімінің орынбасары әрі әкім міндетін уақытша атқарған Тілек Махуовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. БАҚ мәліметінше, ол 100 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. ҰҚК бұл іс бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
Айта кетейік, аталған тұлғалардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталғанға дейін олар кінәсіз деп есептеледі.