Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 1 қыркүйекте болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция ата-аналарға балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажеттігін ескертті. Ведомство электр қосалқы станциялары мен басқа да электрмен жабдықтау нысандары адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екенін атап өтті.
Тергеуге қатысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.