2026 жылғы 15 мамырда Астана қаласында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алтын орда» мектебі оқушыларының жобалар фестивалі өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол оқушылардың ғылыми, техникалық және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды білім беру іс-шарасы болды.

Фестиваль талантты оқушыларды, педагогтерді, ата-аналар мен қонақтарды біріктіріп, ғылым, ақпараттық технологиялар және креативті индустриялар бағытындағы үздік оқушылар жобаларын таныстыру алаңына айналды.
Ашық диалог, идея алмасу және шабыт ортасына айналған іс-шара қатысушыларға оқушылардың жетістіктерімен және олардың болашақ даму мүмкіндіктерімен танысуға жол ашты.
