$ 453.71
€ 505.8
₽ 5.63

Маңғыстаудағы әскери трагедия: Бектенов тексеріс кезінде қандай кемшіліктер анықталғанын айтты

Редактор
30.10.2026, 12:43
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Президент тапсырмасымен әскери реформа жоспарының жобасы әзірленді

Маңғыстау облысында 14 әскери қызметшінің қаза табуына байланысты жүргізілген тексеріс әскери жаттығуларды ұйымдастыруда жүйелі кемшіліктер барын көрсетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінің кешенді тексерісі барысында жаттығулардың өтуін бақылау, ықтимал қауіптерді бағалау және жағдай өзгерген кезде жедел шешім қабылдау мәселелерінде олқылықтар анықталған.

«Қауіпті факторларға жеткілікті көңіл бөлінбеген. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жаттығулардың қауіпті кезеңдерін дер кезінде тоқтатуға тиісті бақылау болмаған», – делінген Үкімет басшысының жауабында.

Олжас Бектеновтің айтуынша, Президент тапсырмасымен әскери реформа жоспарының жобасы әзірленген. Онда әскери басқаруды жетілдіру, жаттығуларды жоспарлау тәртібін біріздендіру және әскери қызметшілердің қауіпсіздігін күшейту көзделген.

Алайда ресми жауапта әскери қызметшілердің қаза табуының нақты мән-жайлары мен жауапты лауазымды тұлғалар туралы мәлімет келтірілмеген.