Аймақ

«Мәжбүр болдым»: Алматыда жүргізуші үстінен жағымсыз иіс шыққан кейуананы автобустан түсіріп жіберген

14:24, 26 желтоқсан 2025 33

Алматыда үстінен жағымсыз иіс шыққан кейуананы автобустан түсірген жүргізушінің басы дауға қалды. Оған қатысты қызметтік тексеріс басталған. Жүргізуші болса зәр иісіне тұншыққан жолаушылардың шағымынан соң кейуананы автобустан шығарып жіберуге мәжбүр болғанын айтып отыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz  "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Алайда заң бойынша мұндай себеппен жолаушыларды қууға рұқсат жоқ. Дегенмен жауаптылар жолаушылардан шағым түскен жағдайда жүргізуші тиісті шара қолдануға міндетті дейді. Қазір оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

"Аталмыш факті бойынша бейнежазбаларды көтеріп, ішкі қызмет тексерісін жүргізген соң белгілі болады. Егер автобус салоны бос болып, адам болмаса немесе жолаушылар тарабынан наразылық білдірілмесе онда жүргізуші ондай факторға мән бермеуі керек", - дейді "Алматыэлектротранс" ЖШС бөлім басшысы Алмаз Төлегенов.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз