$ 455.4
 526.99
 5.25

Күйеуі өмір бойына сотталған Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Редактор
03.09.2026, 15:41
Фото: ІІМ
Фото: ІІМ
Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шығып, балаларымен кездесті

Атыраудағы резонансты отбасы оқиғасынан кейін Ақбаян Мұқанғалиева Психикалық денсаулық орталығында ем алып, ауруханадан шықты. Ол ұзақ уақыттан кейін балаларымен алғаш рет жүздескен, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Ғиниятованың айтуынша, Ақбаян балаларына екі рет барған. Дегенмен оның емделу кезеңі әлі жалғасуы мүмкін.

Қазір Ақбаянның 10, 8, 5 және 4 жастағы төрт баласы Бейімдеу орталығында, ал бір жарым жасар кенже ұлы мамандандырылған балалар үйінде. Мамандар ем аяқталғаннан кейін әйелдің жағдайын қайта бағалайды. Егер денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, ол балаларын алып кетуі мүмкін.

Орталық өкілдері балалардың денсаулығы қанағаттанарлық, эмоционалдық жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Мектеп жасындағы балалар оқуын жалғастырып жатыр.