Саясат

Конституцияға өлім жазасына тыйым салатын норманы енгізу ұсынылды

09:05, 30 қаңтар 2026 138

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық комиссияның отырысында Конституцияда өлім жазасына тыйым салатын норманы бекітуді ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Ол өмір сүру құқығы бүкіл құқық мен бостандық жүйесінің ең жоғары құндылығы мен негізі екенін айтты.
 
"Өмір сүру құқығы - бұл әр адамның абсолютті және ажырамас құқығы. Ешкімнің ерікті түрде адам өмірін қиюға құқығы жоқ" деген норманы бекіту ұсынылады. Ең бастысы - "өлім жазасына тыйым салынады", - деді депутат.
Қазір Қазақстанда өлім жазасына мораторий қолданылады.
 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз