Көкшетауда әйел адам көлігімен баланы қағып кетті, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті.
Оқыс жағдай тұрғын үй ауласында болған.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бала анасымен бірге тротуарда келе жатқанда тұраққа ыңғайланып жатқан көлік тоқтамай, баланы қағып кетеді. Зардап шеккен баланың ата-анасы ешқандай шағым түсірмеген.
Баланың жарақаты жеңіл болғандықтан, дәрігерлер тексерісінен кейін ол үйіне жіберілді.
Полицияның айтуынша, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.