$ 463.91
 544.63
 6.26

Қазақстанда 50 жасқа дейінгі ер азаматтарды әскери дайындықтан өткізу ұсынылды

Редактор
13.05.2026, 15:06
Фото: dknews
Фото: dknews
Ғани Артықов 27 жастан асқан, бұрын әскери қызмет өтпеген 50 жасқа дейінгі азаматтарды қайта әскери дайындықтан өткізуді де ұсынды.

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, запастағы полковник Ғани Артықов еліміздің әскери әлеуетін күшейту үшін жалпыға бірдей әскери міндетті қайта қалпына келтіру қажет екенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның сөзінше, қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, бұл шара жұмылдыру резервін толықтыруға мүмкіндік береді.

“Бір жылдық әскери дайындық аясында сарбаздар жұмылдыру резервіне дайындалады. Сонымен қатар әскери-техникалық мектептерде 40 күндік оқыту жүргізіледі. Онда атқыш, гранатаатқыш, пулеметші секілді мамандықтар бойынша даярлық қарастырылған. Сондай-ақ дрондармен жұмыс істеуді үйрету де енгізілуі мүмкін”, — деді Ғани Артықов.

Ол бұдан бөлек, бір айлық әскери жиындар өткізу де жоспарланып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау